«Ұлттық қор – балаларға»:16,5 млн доллар баспана мен білімге жұмсалды

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 16,51 млн АҚШ долларын нысаналы мақсаттарға пайдаланды. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

доллар
Фото: freepik

2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 16,51 млн АҚШ долларына 126 468 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 10,56 млн долларға 78 862 өтініш орындалды:

▪️ $10,32 млн — тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру (76 954 өтініш)
▪️ $77,82 мың — ипотекаға бастапқы жарна ретінде (619 өтініш)
▪️ $57,02 мың — азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы тұрғын үй сатып алу (478 өтініш)

Білім беру үшін төлем жасауға

5,95 млн долларға 47 606 өтініш орындалды:
▪️ $5,29 млн — Қазақстанда оқу ақысын төлеу (41 870 өтініш)
▪️ $475,14 мың — білім беру жинақ салымын толықтыру (4 163 өтініш)
▪️ $151,67 мың — шетелде оқу ақысын төлеу (1 284 өтініш)

Кәмелетке толған азаматтар өтінішті онлайн бере алады:

«Отбасы банк» АҚ
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Банк ЦентрКредит» АҚ 

Айта кетелік Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданған еді

Соңғы жаңалықтар