Ұлттық қор қаражатын Қазатомөнеркәсіп акцияларына салуға рұқсат берілді

Казатомпром
Фото: kazatomprom.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Ел Үкіметінің Ұлттық қорды орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енді.

Құжатқа сәйкес, өзгеріс Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне қатысты болып отыр.

Қаулының 2-тармағының 2-тармақшасында былай деп жазылған:

«Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде Ұлттық қор үлесін басым түрде өткізу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін ҚР Үкіметінің шешімімен нарықтық құнына дисконтпен ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының және Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы акционерлік қоғамының акцияларына салуға рұқсат беріледі». 

Бұған дейін тізбеге тек ҚазМұнайГаз ғана кірген болатын.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Соңғы жаңалықтар