Ерлан Қошанов: Ұлттық қор қаражатын пайдалану практикасын доғару қажет

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Үкіметтің Ұлттық қор қаражатын жұмсауын сынға алды.

Алдағы үш жылда Ұлттық қор автивтері 90 млрд АҚШ долларынан асуы мүмкін
Фото: qazdauiri.kz

«Соңғы жылдары Үкімет Ұлттық қордан трансферттерді ұлғайтып, бюджетті теңгерімді күйде ұстай алмай келеді. 2025 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген және нысаналы трансферттер көлемі 5,3 трлн теңгені құрап отыр. Бұл туралы да бүгін айтылды. Алайда, Мемлекет басшысының трансферттерді қысқарту қажеттігі туралы бірнеше мәрте берген тапсырмасы бар. Қордан ірі көлемде қаражат шығару, оның активтерін 2029 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларға жеткізуде тәуекел тудырады», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылауды қорытындылай отырып.

Осы орайда Мәжіліс спикері Ұлттық қор – болашақ ұрпаққа арналған қаржы мұрасы екенін еске салды. 

«Ұлттық қор қаражатын ағымдағы қажеттіліктерге пайдалану практикасын доғару қажет. Бүгінде жеті миллионға жуық бала Ұлттық қордан төлем алады, бүкіл ел қор қаражатының жұмсалуын жіті қадағалап отыр», - деп толықтырды Е. Қошанов. 

Бұған дейін Ерлан Қошанов бюджет кірісінің төмендеуі жылдар бойы жалғасып келе жатқанын айтып, Үкіметке бірқатар міндет жүктеді

Соңғы жаңалықтар