Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа қоғам өкілдері тартылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жаңа құрамда:
— Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев;
— Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров;
— Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова;
— Математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дұрвудхан Сұраған бар.
Сондай-ақ ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л. Тараков (қайтыс болуына байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдvақасов және М. Жабағин шығарылды.
Айта кетейік, биыл өткен ұлттық құрылтайда Президент мемлекеттік органдарға 54 тапсырма жүктеді.
Еске салайық, 1 сәуірде Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды.