Ұлттық музейде жаңа этнография залы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық музейде екінші этнография залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ұлттық музейде жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бұған дейін музейде этнография залы жұмыс істегенімен, барлық құнды жәдігерді сыйғызу мүмкін болмады.

Жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Сондықтан енді жаңа кеңістікте халқымыздың бай мұрасы кең көлемде ұсынылып отыр.

Жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Жаңа этнография залы ашылды!
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Жаңа залда келушілер назарына:
XIX–XX ғасырлардағы зергерлік әшекейлер;
кілемдер мен киіз бұйымдары (сырмақ, текемет);
ұлттық киім үлгілері (ер адам, әйел, қалыңдық пен күйеу жігіттің киімі);
тұрмыстық бұйымдар (сандық, кебеже, асадал және т. б.) ұсынылған.

Барлығы — 258 жәдігер, соның ішінде 47 бірегей кілем бар.

Жаңа этнография залы ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Біздің басты мақсатымыз — асыл мұраларды көпшілікке таныстырып, халқымыздың мәдени байлығын дәріптеу. Қорымызда екі жарым ғасырлық тарихы бар жәдігерлер бар. Соларды тұрақты түрде көрсетіп, болашақ ұрпаққа жеткізу — музейдің ең басты миссиясы, — деді Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы.

Көрмеге қатысқан ғалымдар этнография залының ашылуын ұлттық мұраны сақтау мен мәдени сабақтастықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам деп бағалады.

Айта кетелік Жанқожа батырға тиесілі қылыштың көшірмесі туған жеріндегі музейге қойылды.

Соңғы жаңалықтар