16:18, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі айтарлықтай артты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде 449 бірлік астық жинайтын комбайн өндірілді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7 пайызға артық, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісі де 39,3 пайызға өскен. Есепті кезеңде 3 915 трактор шығарылған.
Бюро дерегінше, қаңтар–мамыр аралығында отандық тракторлардың Қазақстан нарығындағы үлесі 46,7 пайызды құрады.
Айта кетейік, сонымен қатар елде көкөніс және жеміс шырынының өндірісі артты.