Ұлттық табиғи парктердегі туристік қызметке қатысты ереже жаңарды

АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгеріс енгізілді. 

Советы автотуристам: как избежать задержек при въезде в нацпарк
Фото: С. Балташева

— Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлерді орналастыру, Ұлттық парктiң қорғалуын және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргiзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, келушiлерге қызмет көрсету, рекреациялық орталықтар, жабайы жануарларды өсіруге және күтіп-бағуға арналған вольерлер, балық өсіру шаруашылығы, қонақүйлер, кемпингтер, музейлер мен туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салуды және пайдалануды жүзеге асыру, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын жалға беру пункттерін орнату жолымен жүзеге асырылады, — делінген құжатта.

Балық шаруашылықтарын орналастыру үшін учаскелер беру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме болған кезде жүзеге асырылады. Балық шаруашылығын жүргізу сумен қамтамасыз етудің тұйық циклімен балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру тәсілімен жүзеге асырылады.

Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті тікелей Ұлттық парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық (уақытша құрылыстар ғана салу үшін) және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.

Аумағында автокөлік құралдарына арналған жолдар мен тұрақтар, туристік маршруттар орналасқан Ұлттық парктер учаскелері пайдалануға берілмейді.

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Ұлттық парктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның және Ұлттық парктің ресми интернет-ресурстарында Ұлттық парктердің туристік әлеуеті туралы ақпарат орналастырады.

Сонымен қатар, бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдарын ұйымдастыру және олардың құрылғыларын пайдалану үшін жеке әрі заңды тұлғалар Ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартын жасасады.

Ұлттық парктердің аумағында объектілерді орналастыруға арналған учаскелер туралы әлеуетті инвесторларды хабардар ету үшін Уәкілетті орган мен Ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында Бас жоспардың үзінді көшірмесі орналастырылады.

Атап айтқанда, ұлттық парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі уақытқа ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр Қазақстандағы ұлттық парктерге 2,8 миллионнан астам адам барған. 2023 жылғы дерекпен салыстырғанда 18%-ға көп. 

Соңғы жаңалықтар