Ұлттық ұлан әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақат алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабарлауынша, Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақаттанды.

Қазақстан ұлттық ұлан
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Оқиға 2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:05 шамасында болған.

5571 әскери бөлімнің оқу полигонында жоспарлы жаттығу аясында атыс өткізілген кезде 2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік ережесін бұзып, АК-74 атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жаралаған.

— Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған, — делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сарбаздың қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар