Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады

АСТАНА. KAZINFORM –  Президент Жарлығына сәйкес Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі. Ол Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру тәртібімен жүзеге асырылады.

Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады
Фото: Ұлттық ұлан

— Жыл сайын Ұлттық ұлан қатарына 14 мыңнан астам азамат шақырылады. 2025 жылғы көктемгі шақыру науқаны аясында 7 000-ға жуық азаматты әскери қызметке қабылдау жоспарланып отыр. Әскери бөлімдерді жасақтау 20 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді, — делінген хабарламада.

Сарбаздар негізінен республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әскери бөлімдерде қызмет етеді. Олардың міндетіне маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, ішкі істер органдарымен бірлесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету кіреді.

Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады
Фото: Ұлттық ұлан

Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің өкілдері қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда шақырылушыларды алдын ала зерделеу және жасақтау шараларын жүргізіп жатыр.

Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады
Фото: Ұлттық ұлан

Айта кетейік, мерзімді әскери қызметшілерді қолдау мақсатында 2024 жылы Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға 3 000 білім гранты бөлінді. Оның 1 267-сі Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне бұйырды. Олардың 22-сі мерзімді қызметін өтегеннен кейін Ұлттық ұлан Академиясына оқуға түсті. Енді Отан қорғаушылар лейтенант шенін алу жолында білім алып жатыр.

Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады
Фото: Ұлттық ұлан

Айта кетелік су тасқынының салдарын жою үшін 10 000-ға жуық әскери қызметші жұмылдырылатынын жазған едік