Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Бұл лауазымға дейін генерал-майор С. Шекарбеков ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Айта кету керек, Ұлттық ұлан қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды күзету, қылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимылға қатысу, сондай-ақ арнайы және профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде ішкі істер органдарына жәрдемдесу жөніндегі міндеттерді жүйелі түрде орындауды жалғастырып келеді. Сонымен қатар ұландықтар бұқаралық іс-шаралар кезеңінде және төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, 2025 жылы құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері шамамен 18 мың құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді. Оның ішінде 700-ден астамы қылмыс белгілері бар тұлғалар.

Айта кетейік, Дархан Маханов Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум