«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасы депутаттар назарына ұсынылды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Басқарушы директоры Қайрат Әйтекенов
None
None
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасы мен «Ұлттық әл-ауқат қорының жұмысы туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнінде және «Қазақстанның Инвестициялық қоры» туралы Заңының өз күшін жойғандығын мойындау жөніндегі заң жобаларын депутаттар назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Жобаны ұсынған Бақыт Сұлтанов, «Ұлттық әл-ауқат қорының мәртебесі мен өкілеттілігін айқындап, ол туралы арнайы заң қабылдап, өзіндік құқықтық базасын қалыптастыру - Қордың жұмысы және оны басқару жөніндегі заңнан келіп шығады, өйткені, бұл жаңа қоғамдық қатынастардың құрылуын қамтамасыз ететін жаңа құрылым», деді. ҰӘҚ туралы заң жобасы Қор алдына қойылған міндеттерге байланысты түзілген. Қордың тиімді жұмысы мен ұйымдастырылу жайын қамтамасыз ету үшін негізгі заң жобасы ? оның құқықтық жағдайын, іс-әрекеттерін, алға қойған мақсатын және өкілеттігін айқындайды, сонымен қатар акциялары Қор құрамына енетін заңды тұлғалардың құқықтық жағдайындағы кейбір ерекшеліктерді де қамтиды. Заң жобасында Қор «ұлттық басқару холдингі» деп аталынады. Бұл арада «қор тобы» деген ұғым Қордың өзіне, еншілес компанияларына, 50 пайыз дауыс беру құқығына ие акциясы олардың құрамына енетін келесі буындағы еншілес компанияларға және дауыс беру құқығы бар 50 пайыз акциясы құрамына енетін заңды тұлғаларға тиесілі. Заң жобасындағы жаңалық: қор тобының құқықтық ерекшелігін білдіретін жәйттар қарастырылған. Қор акциялары өзге тарапқа қаратылмайды: акциялар таза мемлекеттік меншік. Олар жекешелендіруге жіберілмейді, қор нарығына шығарылмайды және сол секілді сатудың өзге де түрлеріне тиым салынады. Өз кезегінде, Қор «стратегиялық нысандарды сатып алу жөніндегі басымдыққа ие» Үкімет құқығын жүзеге асырар кезде «Республика экономикасындағы стратегиялық маңызға ие ұйымдар мен нысандар банкротқа түскен жағдайда, олардың акциялар топтамасын және иелері саудаға салып жатқан стратегиялық нысандарды сатып ала алады. Заң жобасында, сонымен қатар, Қордың банктерді, жер қойнауын игеру құқығын иеленуге, «Үкімет бекіткен арнайы келісімдерде көрсетілгендей, тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлерін сатып алудың арнайы тәртібіне сәйкес Қордың өзінің және тиісті тұлғалардың сатып алуды ұйымдастыруы және Қор тобында корпоративті басқарудың ерекшеліктері көрсетілген. Министр атап көрсеткендей, заң жобасының көптеген позициялары «қазақстандық заң шығару тәжірибесінде ұқсастығы жоқ, ерекше» әрі ғаламдық қаржы дағдарысындағы жағымсыз жағдайлардан тезірек шығу үшін мемлекет мүмкіндігін арттырады». Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңына сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасы заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туды. «Ұлттық әл ауқат қорының жұмысы туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнінде және «Қазақстанның Инвестициялық қоры» туралы заңының өз күшін жойғандығы туралы заң жобасы 4 кодекс пен 13 заңға өзнгерістер мен толықтырулар енгізуді және «Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы» Заң жобасының өз күшін жойғанын мойындауды қажет етеді. Заң жобалары барлық тиісті органдармен келісілген. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Басқарушы директоры Қайрат Әйтекеновтің айтуынша, Қордың жұмысы туралы меморандумға сәйкес, «Самұрық-Қазына» жұмысындағы негізгі принциптер мыналар: -Мемлекеттің негізгі акционері ретіндегі мемлекет мүддесін қадағалау; -Қор мен оның құрамындағы компаниялардың ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз ету; -Қабылданған шешімдердің орындалу барысы мен жүйелілігін және оперативтілігін қамтамасыз ету; -Жауапкершілік пен есеп беруді қадағалау; Дәл бүгінгі мәліметтер бойынша, «Самұрық-Қазына» қорының құрамында жалпы саны 404 еншілес компания мен олармен қатысты заңды тұлғалар жұмыс істейді. Ағымдағы жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметтер бойынша, «Самұрық-Қазына» қорының консолидациялық (біріккен) жарғысы үш жарым триллион теңгеге жуық немесе 29 млрд. АҚШ долларына сай. Холдингте жұмыспен қамтамасыз етілген адамдар саны жалпылай алғанда, 260 мыңнан астам, ал басқарушы компаниядағы олардың саны- 204. Айта кетер жайт, бүгінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Қорды дамыту стратегиясын қалыптастыру үрдісі басталды. Олар жұмысын осы жылдың алғашқы тоқсанында аяқтамақшы. Ол Үкіметте қаралып, Елбасының келісімін алғаннан кейін 2009 жылдың соңына дейін қабылданады.
Соңғы жаңалықтар