Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жылдық инфляцияны 6,0-8,0 пайыз дәлізінде ұстап тұрмақ

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамын қалыптастыру кезіндегі Үкіметтің бағаларымен үйлесімді және келісілген. Мұнайдың әлемдік бағаларының орташа жылдық деңгейі сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі критерийі болып айқындалды. Экономиканың дамуының барлық сценарийлерін іске асыру кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6,0-8,0 пайыз дәлізінде ұстап тұру Ұлттық банктің негізгі мақсаты болып табылады.
2013 жылы өтімділікті беру/алу бойынша тұрақты тетіктерге, ашық нарықтағы операцияларға тәсілдер өзгереді. Жаңалықтардың мақсаты ақша-несиелік саясатының трансмиссиялық тетігінің кредиттік арнасын белсенді ету және оның валюталық арнасының маңыздылығын төмендету болып табылады. Жаңа тетік экономиканың долларлануын, пайыздық мөлшерлемелердің құбылмалылығын, ақша нарығындағы алыпсатарлық құрамдас бөлігін төмендетуге, өтімділікті реттеудің, ақша кредит саясатын жүргізу икемділігін және тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Жаңа құралдардың енгізілуін назарға ала отырып, Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемелерінің дәлізі де өзгереді, сондай-ақ оның шектері тұрақты тетік операциялары бойынша мөлшерлемелерге сәйкестенетін болады. Пайыздық саясатты жүргізу кезіндегі жаңа бағдар ақша нарығындағы мөлшерлемелер болып табылады. Перспективада ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көбінесе индикативтік рөл атқаратын болады.
Кірістілік қисығын құру мақсатында Ұлттық банк Қаржы министрлігімен бірлесіп мерзімдер бойынша салыстыруға болатын құралдар үшін ақша нарығында эталон (бенчмарк) ретінде Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығын нығайту бойынша жұмыс жүргізуді ниеттеніп отыр. Ұлттық банк нарық қатысушыларынан қайталама нарықта МБҚ сатып алу жолымен мемлекеттік бағалы қағаздарының меншікті қоржынын ұзақ мерзімді қалыптастыруды жалғастырады. Сондай-ақ алдын ала нарықтық себептер бойынша бағыт алатын айырбастау бағамы динамикасының жалпы трендінің қалыптасуына ықпал етпей-ақ, айырбастау бағамының күрт өзгеруін жеңілдету мақсатында өктемдік жүргізуді жалғастырады. Қатысуы неғұрлым төмен болады. Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетіктерін дамыту және пайыздық мөлшерлемелердің реттеушілік рөлін арттыру шамасына қарай Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысуы ақырындап қысқара береді.