Ұлттық банк «Барыс» және «Үкі» алтын монеталарын айналымға шығарды

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 12 қазаннан бастап
None
None

«proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Барыс» ескерткіш алтын монетасының бет жағында (аверсінде) ою-өрнектің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының лтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» жазуы бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жазылған. Сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамасын білдіретін «Au 999», оң жағында салмағын білдіретін «1,24g» деген жазулар бар. Сондай-ақ, айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген жартасты тау аясында екі барыс бейнеленген. Бейненің оң жағында монета соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бар. Айналдыра түрдің зоологиялық атауын білдіретін мемлекеттік тілдегі «БАРЫС» және  латын тіліндегі «UNCIA UNCIA» деген жазуы және шығыңқы жиек бар.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета сынамасы 999 алтыннан дайындалған, массасы - 1,24 грамм, диаметрі - 13,92 мм, дайындалу сапасы - «proof», ең көп таралымы - 9,5 мың дана.

«Үкі» ескерткіш алтын монетасының бет жағында (аверсінде) да орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, оның астында монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «1/4 oz Au 999» деген жазулар және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында үкінің басы бейнеленген. Үкінің бір көзіне гауһар орнатылған. Сол және жоғарғы бөліктерде айналдыра ағылшын тілінде атауды білдіретін «EAGLE OWL» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі. Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған, массасы - 1/4 oz (7,78 грамм), диаметрі - 25 мм., диаметрі 1,2 мм. бір гауһар орнатылған, дайындау сапасы - «proof», ең көп таралымы - 5 мың дана.

Номиналы 100 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш алтын монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар