Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк базалық мөлшеремені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл шешімге Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау, сондай-ақ инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негіз болған.

Геосаяси жағдай мен оның салдарының белгісіздігіне, сондай-ақ азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуына байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отыр.

«Инфляцияның ішкі тәуекелдері ішкі сұраныстың орнықты болуына, логистикалық және өндірістік тізбектердің қайта құрылуына, ынталандырушы фискалдық саясатқа және әлі де жоғары қалыптасып отырған инфляциялық күтулерге байланысты. Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді болашақта инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұру қажеттілігін негіздейді», - делінген Банк хабарламасында.
Еске салсақ, өткен жылдың соңында Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейін көтеріп 16,75% деп белгілеген болатын. Сондан бері базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды.
Соңғы жаңалықтар