Ұлттық банк ЕДБ бойынша бақылауды күшейтпек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі банк қызметі бойынша бақылау мен реттеу саласында өз өкілеттілігін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР ҰБ соңғы уақытта қаржы саласында несиелеу бойынша теріс қалыптасқан ахуалдарға және екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекке байланысты бақылауды күшейту қажеттігін қолға алмақ.   

«Екінші деңгейлі банктердің қызметін бақылаудағы негізгі кемшілік ҰБ тарапынан қандай да реттеу шарасын қолдануға мүмкіндіктің жоқтығы болып отыр. Тәжірибе бойынша, ресми нормативтерді сақтауда, заң талаптарын орындауда ЕДБ-да негативті процестер болып, күдікті операциялар жүзеге асып жатады. Ұлттық банк заң бойынша ЕДБ-нің ішкі қызметіне араласа алмайды. Біз мұндай үдеріс ескірді деп ойлаймыз. Сондықтан, біз қазіргі формальді бақылаудан дамыған елдердегі тәуекелге бағытталған бақылау түріне көшуді ұсынбақпыз» - деді ҚР Ұлттық банкінің банктерді бақылау департаментінің директоры Олжас Қизатов.

Осылайша, Ұлттық банк тәуекелді шектеуге қажетті құралды қолға алмақ. Бақылауды күшейтуден бөлек, ҰБ акционерлер құрылымының ашықтығын арттыру, капиталға дейінгі акционерлердің жауапкершілігін күшейту, қаржы қызметі саласындағы бағалаушылар мен аудиторлардың жауапкершілігін күшейту секілді мәселелерді де реттемек. 

«Мұның барлығы қазіргі заңнамалық талаптарға өзгерістер енгізуді талап етеді. Осылай ғана біз бұған дейін банк секторында қайталанған жағдайларды болдырмауға болады деп сенеміз», -деді Олжас Қизатов. 

Соңғы жаңалықтар