Ұлттық банк елордаға қашан көшеді
Бұған дейін хабарланғандай, Е. Досаев жаңадан құрылатын Қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігі Алматыда орналасатынын айтты. . Агенттік жұмысын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастайды.
Ұлттық банкті елордаға көшіру бастамасы біраз жылдан бері қарастырылып келе жатқанына тоқталған ол, «қажетті заңнама қабылданғаннан кейін осында көшу ниетіміз бар. Атап айтқанда тиісті жоспар бар, себебі көшу үрдісі дұрыс жүргізілуі керек. Бүгінде Ұлттық банк қажетті жұмыстарды атқаруда, дайын болғаннан кейін біз оны жариялаймыз», - деді.
Оның сөзіне қарағанда, ҰБ-ның елордаға жақын арада көшуі пысықталып жатыр.
«Көшу үшін тиісті инфрақұрылымды даярлау керек. Ұлттық банктің өзінің кеңсесі болуы тиіс, сәйкесінше оған тиісті уақыт керек. Сондықтан біз көшудің қадамдарын талқылап жатырмыз. Сонымен қатар, уақытша негізде қолданыстағы ғимаратқа немесе жалға алу тәртібін және басқа да мүмкіндіктерді қарастырудамыз», - деді ол.