Ұлттық банк инвестициялық жаңа күміс шақалар шығармақ

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григороий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы жылдары алтын және күміс шақаларды сату өсіп келе жатыр. Қазір біз «Барыс» сериясындағы инвестициялық күміс шақалар шығаруды жоспарлап отырмыз», дейді ол. Ұлттық банк басшысының айтуынша, енді инвестициялық алтын шақалардың да жаңа дизайны жасалмақ. Қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістер бойынша Өскемендегі монета сарайында жасатын бұл шақалар қосымша құн салығынан босатылып отыр.
Жалпы 1995 жылдан 2009 жылғы қаңтардың 1-іне дейінгі аралықта 20841 - инвестициялық, 154054 - алтын, 200787 күміс шақа сатылған еді. Биыл алғашқы жарты жылда 3050 - инвенстициялық, 2581 - алтын, 21 372 күміс шақа сатылды.