14:19, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ұлттық банк, Қаржы нарығын қадағалау агенттігі мен Үкімет отандық банктердің соққыны «жұмсақ» қабылдауын қамтамасыз етті ? Д.Ақышев
АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Әлемдік экономика үшін 2008 жылдың басты оқиғасы жаһандық қаржы дағдарысы болды, ол әлемдік қаржы жүйесінің толыққанды қатысушысы Қазақстанды да шарпып өтті. Бір жыл ішіндегі еліміздің қаржылық дамуының негізгі қорытындылары туралы, сондай-ақ 2009 жылы дағдарыс зардаптарын барынша азайту бойынша елімізде қабылданатын шаралар жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев
әңгімелейді. ? Өткен жыл әлемдік қаржы дағдарысымен және Қазақстан үшін сыртқы рыноктардың жабылуымен ерекшеленді. Қазіргі тәуекелге біздің қаржы секторларының орнықтылығына қандай баға бересіз? ? Шынында да, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында өткен 2007 және 2008 жылдар Қазақстанның экономикасы үшін есте қаларлықтай болды. Өткен жыл елдегі қаржы жүйесі мен жалпы отандық экономиканың беріктігіне сын болды. Әлемдік қаржы рыногындағы шиеленіс Қазақстан экономикасына әсерін тигізді және 2008 жылы экономикалық өсудің баяулауы байқалды. Алайда рецессиялар байқалмайды және осы жылғы экономикалық өсу 5 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Экономикалық белсенділіктің төмендеуінің негізгі себебі Қазақстан экспорттайтын шикізат тауарларына деген бағаның өзгеруі болды. Тиісінше, бұл ішкі өндірістің көлеміне әсер етті, ол аралас салалардағы экономикалық белсенділіктің қысқаруына әкеп соқтырды. Басқа себебі ? әлемдік қаржы рыногындағы проблема, оның салдарынан отандық қаржы институттары капиталдың әлемдік рыногына шыға алмайды. Тиісінше банктерде борыштарға қызмет көрсету проблемасы туындады, бұрынғы шарттармен сыртқы міндеттемелерді қайта қаржыландыра алмайтын болды. Қазір отандық банктер өздерінің несиелік саясаттарын қатайтты және соңғы жылдары орын алған несиелендіру енді болмайды. Бұл несиелендіруге тәуелді секторларға ? құрылысқа, жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, шағын және орта бизнеске әсер етті. Қаржыландыру жеткілікті болмай отырған жағдайда осы салалардағы экономикалық белсенділіктердің қысқаруы орын алады. Жалпы алғанда, ішкі көздердегі экономикалық белсенділіктің баяулауы орын алып отырған жоқ. Бұл Қазақстан экономикасының сыртқы өзгерістермен қаншалықты байланысты екендігін көрсетеді. Біздің ел ? әлемдік қаржы және экономикалық жүйелердің бір бөлігі. Біздер ? экономикасы ашық елміз, біздің сыртқы сауда айналымымыздың үлесі ЖІӨ деңгейімен тең ? ол 80 пайыз шамасын құрайды және бұл жағдайда әлемде болып жатқан теріс өзгерістердің барлығын толық айналып өту мүмкін емес. Банктік сектордың тұрақтылығына тоқталатын болсақ, отандық банктер өтімділіктің жаһандық құлдырауына байланысты орын алған дағдарысқа барынша табысты төтеп берді. Бірде-бір банк ішкі және сыртқы міндеттемелер бойынша дефолтқа жол бермеді. Банктер сыртқы ресурстарға қолжетімділік нашарлаған жағдайларда өздерінің сыртқы міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттерін танытып қана қойған жоқ, сонымен қатар шет елдерден қосымша ресурстарды тарту қабілеттерін көрсете білді. Мысалы, 2008 жылдың 11 айы ішінде банктердің активтері ? 2,3 пайызға, меншікті капиталы 8,9 пайызға өсті. Әрине, осы оң көрсеткіштер мемлекеттің белсенді қолдауынсыз орын алмаған болар еді. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Ұлттық банкі, Қаржылық қадағалау агенттігі және Үкімет қабылдаған уақытылы және дәл іс-шаралар күтілгендей оң ықпал етті және отандық банктердің соққыны «жұмсақ» қабылдауын қамтамасыз етті. Оған тұрақты жағдайдың жалпы сақталуы және банк секторындағы шешуші көрсеткіштердің теріс қозғалысының болмауы айғақ бола алады. ? Осындай қатаң жағдайларда 2009 жылы сыртқы міндеттемелермен жұмыс істеуге және қызмет көрсетуге біздің банктердің даярлықтары қандай? Мемлекет таяу уақыттары екінші деңгейлі банктерге қандай қолдау көрсетеді? ? Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігінің сыртқы борыштарға қызмет көрсетуді бағалауды жүргізетінін сіз білесіз. Ұлттық Банк сыртқы борыш бойынша статистиканы қалыптастыруға жауапты мемлекеттік орган болып табылады, әлемде қабылданған барлық стандарттарға сәйкес тұрақты негізде осындай ақпаратты жариялайды. Алайда осы сандар бойынша кейбір ерекшеліктерге байланысты ақпараттар ұсынуда үлкен кешеуілдеу орын алып отыр. Біздерде 2008 жылғы маусымның 30-ындағы ақпарат бар. Бірақ қазіргі орын алып отырған жағдайды ескергенде, бұл сандар айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.Ұлттық Банктің болжамына сәйкес, 2008 жылғы маусымның 30-ындағы жағдай бойынша орын алған бейрезиденттер алдындағы қазақстандық банктердің сыртқы борыштарына қызмет көрсету үшін 2009 жылы 10,6 млрд. АҚШ доллары, олардың ішінде негізгі борышты өтеуге ? 8,1 млрд. доллар, болашақ пайыздарға ? 2,5 млрд. доллар қажет етіледі.Жалғасып отырған әлемдік қаржы дағдарысы коммерциялық банктердің сыртқы қарыз алуы үшін табиғи шектеу ретінде қамтамасыз етеді. Он млрд. доллар ? бір жағынан, банк жүйесі үшін көп сома, екінші жағынан, жалпы экономика үшін ? қызмет көрсетуге тұрарлық сома. Қазіргі жағдайда сыртқы қарыздарды қайта қаржыландырудың жетімсіздігін банктердің меншікті сыртқы борыштық активтері есебінен жабуға болады. Олар маусымның 30-да 21,5 млрд. долларға бағаланып, бейрезиденттерге берілген қарыз ақшаның 60,4 пайызын, 27 пайызға жуығы ? депозиттерді және 11,3 пайызы ? борыштық құнды қағаздарды құрады. Сонымен қатар, сыртқы міндеттемелерді өтеу үшін қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржылық қадағалау агенттігі қолданған іс-шаралар аясында экономикаға бөлінген қаражаттардың бір бөлігі тікелей және жанама түрде пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан, банктер сыртқы борыштарды жабады және дефолттарға жол бермейді деп сеніммен айтуға болады. ? Желтоқсанның қорытындысы бойынша инфляция жылдық көрсеткіштің 10 пайыздық күтілген деңгейіне шығады деп күтуге бола ма?
? Қазіргі уақытта Қазақстанның тұтынушылар рыногында инфляцияның тежеуілдеуі байқалады. Бұл тежеуілдеу 2008 жылғы қыркүйектен басталған болатын. Мысалы, 2008 жылғы қаңтар-қараша айларында инфляция деңгейі 9,2 пайызды құрады, 2007 жылғы қаңтар-қараша айларында инфляция ? 16,5 пайыз болды. Осы үрдіс инфляциялық үрдістің күшеюіне әкелетін, әсіресе қысқамерзімдік кезеңде, қандай да бір маңызды факторлардың жоқтығымен мазмұндалады. Біз өз филиалдарымыздың көмегімен аймақтық орталықтарымызды тұрақты тексеріп отырамыз. Айдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша, инфляция Қазақстанда 10 пайыздың төңірегінде қалыптасады деп отырмыз. Инфляцияның күшеюіне әсер ете алатын факторлар әзірге байқалмайды. ? Төлемдік теңгерім бойынша жағдай қалай? -9 айдың алдын-ала қорытындысы бойынша төлемдік теңгерім профицитпен қалыптасты. Ағымдағы есеп 9 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Жылдың қорытындысы бойынша да төлемдік баланс профицитпен қалыптасады деп күтудеміз. 2009 жылы экспорттық тауарлар бағасы төмендеген жағдайда, төлемдік баланс позициялары да нашарлайды деп болжануда. Жасалып отырған түрлі сценарийлерге сәйкес, мұнай баррелінің бағасы 40 доллар болған жағдайда ағымдағы есептердің дефициті ЖІӨ-нің шамамен 3 пайызын құрай алады. Ал егер мұнай бағасы орта есеппен жылына 25 долларға дейін құлдыраса, ағымдағы есептің профициті ЖІӨ-нің 10 пайызын құрайды. Бірақ төлемдік балансты капиталдық есептен бөлек қарастыруға болмайды. Бұл мәселеде біз ағымдағы есептің дефицитін шамалы болса да жабатын оң сальдо күтудеміз. ? Ел Үкіметі, Қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі және Ұлттық банк әзірлеген дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қазақстан келесі жылы дағдарыстан шығу жөнінде қандай қадамдар жасауы керек? ? Ел Үкіметінің, Қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі мен Ұлттық банктің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен жобаны қабылдағаны баршаға аян. Бұл жоспарға сәйкес мынадай шаралар қабылданады. Біріншіден, қарапайым және жеңілдікті акцияларды сатып алу арқылы, сондай-ақ субординацияланған займдар беру ақылы банктерді қосымша қаржыландыру. Банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудегі басты шарттың бірі - банктің өз акционерлері де капиталды еселеулері керек. Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы 4 миллиард АҚШ доллары шамасында болады. Мемлекет әлемдік қаржы дағдарысының бетін қайтарып, халықаралық капитал рыноктарына жол ашыла бастаған кезде, «Самұрық-Қазына» қоры банктердің қатысушыларының құрамынан шыға бастайды. Екіншіден, Стрестік активтер қоры құрылып отыр. Оның қызметі қазақстандық банктердің несие қоржындарының сапасын жақсартуға бағытталады. Бұл міндетті жүзеге асырудың негізгі мақсаты - күмәнді активтерді сатып алу және оларды басқару есебінен отандық банктердің несиелік қоржынын жақсарту болып табылады.Стрестік активтер қорын капиталдандыруға 2008 жылы алғашқы траншпен 52 миллиард теңге бөлініп қойды. 2009-ыншы жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен қордың жарғылық капиталы 122 миллиард теңгеге жеткізілетін болады. Үшіншіден, банк міндеттемелері дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету үшін өтімділіктің қосымша көздері берілетін болады. Атап айтқанда, Ұлттық банк репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын тетіктердің тізбесін кеңейтіп отыр. Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет қатысқан ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың, сондай-ақ активтері Ұлттық банктің қарауындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша еркін ақша қаражаттары отандық банктерге депозиттерге жайғастырылатын болады. Төртіншіден, қаржы секторын мемлекеттік үйлестіру ісі жетілдіріледі. Пруденциальдық үйлестіру аясында Қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі банктердің сыртқы міндеттемелерінің деңгейін және жалпы көтерме қаржыландырудың деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастырады, үздік халықаралық тәжірибе негізінде банктерді капиталдандыру есеп-қисаптарына қатысты көзқарастар оңтайландырылады, тәуекелдерді басқару және банктердегі ішкі бақылау жүйелеріне қатысты талаптар күшейтіледі. Зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет зейнетақы жүйесіндегі халық салымдарының сақталуын, салымшылар үшін жүйе жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруге атсалысады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қоржындарын әртараптандыру үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қоры басымдықты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін зейнетақы активтерін тарту жөніндегі шаралар қабылдайды, сондай-ақ Стрестік активтер қорының инвестициялық рейтингті борыштық құнды қағаздарды шығаруын қамтамасыз етеді. Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және жылжымайтын мүлік нарығының жұмысын жандандыру үшін «Самұрық-Қазына» қоры арқылы Астана мен Алматы қалаларында
Ипотекалық несиелеудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылады. Оны қаржыландыруға Қор 5 миллиард АҚШ долларын жұмсайды және бұл сома Ұлттық қордан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан заемдық қаржы тарту есебінен жасақталады. Оның үстіне, отандық қаржылық институттар тарапынан экономиканы қаржыландыру көрсеткіші қысқарып отырған жағдайда, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету жалғасады, 2009 жылы бұл мақсатқа 1 миллиард АҚШ доллары бөлінеді. Шағын және орта бизнесті несиелендіру жөніндегі барлық бағдарламаның операторлары - екінші деңгейлі банктер болады. «Самұрық-Қазына» қорынан бөлініп отырған қаржы аясында бір жобаны қаржыландыру лимиті 3 миллион доллардан 5 миллион долларға дейін арттырылады. Аталмыш Жоспар аясында сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және инновациялық, индустриялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бірқатар шаралар қабылданады. ? Әлемдік қаржы рыноктарында қалыптасып отырған жағдайдан Қазақстан қандай сабақ ала алады? ? Бұл жолғы дағдарыс, банктердің қор көздеріне және несие қоржынын басқару ісіне қатысты саясаттарының қаншалықты салмақты болуы керек екенін көрсетіп отыр. Бұл тек қазақстандық банктерге ғана қатысты емес. Біз, банктер осы дағдарыстан сабақ алып, өздерінің тәуекелдерді басқару жүйелерін бүгінгі жағдайға сәйкестендіреді деген үміттеміз. Сондай-ақ, нақты сектор еңбек өнімділігін арттыру, шығынды қысқарту, өз бизнес-үдерістерін оңтайландыру сияқты қорытындылар жасайды деп ойлаймын. Менің пікірімше, бұл үдерістердің конверсативті қатысушысы ретінде мемлекет, жағдайды дұрыс бағалау үшін, о бастан пессимистік болжам жасауы керек. Яғни, 2010 жылға қарай экономикалық белсенділіктің алғашқы белгілері байқалады деген болжамға қарамастан, мемлекет дағдарысқа қарсы бағдарламаны одан да ұзақтау мерзімге берік ұстануы тиіс. Себебі, қаржы дағдарыстары ұзап кететіндей болса, оның салдары біз күткеннен күрделірек және ауырлау болуы ықтимал. - Сұхбатыңызға рахмет .