Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жылдық деңгейін 8 пайыз деп белгіледі

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Ұлттық банкі шілденің 10-ынан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 8 пайыз деңгейінде белгіледі. Оны банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 8 пайыз деңгейде белгілеу елдегі инфляцияның төмендеуіне байланысты. Ол өткен айда  7,6 пайызды құрады. Инфляцияның деңгейінің төмендеуі  алдағы уақытта да  жалғаса беретін болса қайта қаржыландыру мөлшерлемесі  қайта қаралатын болады», дейді Қазақстанның бас банкирі Г. Марченко. Григорий Александровичтің айтуынша, Ұлттық банк биыл қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін осымен төрт рет 10 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар