18:29, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Ұлттық Банк «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» атты кезекті зерттеу жүргізді
АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Несие нарығындағы жағдайға мониторинг жасау мақсатында Ұлттық Банк 2009 жылғы қаңтарда екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен жеке сұхбат түрінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» атты кезекті зерттеу жүргізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зерттеу нәтижелері несиелік нарықта зерттелген кезеңдерде қалыптасқан теріс үрдістер сақталып отырғандығын көрсетеді. Ағымдағы экономикалық конъюнктура банктерге жалпы экономикалық саладағы тәуекелдерді және заемшылардың тәуекелдерін қайта бағалауға мүмкіндік берді, бұл экономиканың нақты секторын несиелеу кезінде жоғары талаптардың сақталуына ықпал етті. Несие нарығы халықтың тарапынан төлем қабілетіне сұраныстың шектелуімен, қаржылық емес ұйымдардың айналым капиталын толтыруда заемшылар тарапынан қажеттіліктің басым болуымен, сондай-ақ қорландыру тапшылығы және банктердің кредиттік белсенділігіне несие қоржыны сапасының өлшемдерінің ықпалын шектеумен сипатталады. 4-ші тоқсанның нәтижелері бойынша банктердің 62 пайызы өзінің несиелік саясатын бұрынғы деңгейде қалдырып отыр. Сонымен қатар банктердің үштен бір бөлігі аздап қатаңдану үрдісін жалғастырды, бұл банктердің кредиттік тәуекелдің өсуін болдырмау мақсатында үмітсіз клиенттердің ағынын шектеу ниетін растайды, оның өсуін 2008 жылғы 4-ші тоқсанда респонденттердің 74 пайызы атап өтті. Несиелік саясаттың қатаңдануына едәуір ықпал еткен негізгі факторлардың арасында экономикалық дамудың теріс үрдістері, экономиканың негізгі салаларындағы тәуекелдердің өсуі және тәуекелі жоғары заемдардың үлесі байқалды. Бұл өз кезегінде кепілдік талаптарының және заемдарды өтеу мерзімдерінің, сондай-ақ тәуекелі жоғары несиелеу түрлері бойынша маржаға (орташа алғанда респонденттердің 50 пайызы қатаңдану туралы мәлімдеді) одан әрі қатаңдануына ықпал етті. Несиелендірудің қатты талаптарының еріксіз сақталуы салдарынан банктер кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың және борыштарды қайта құрылымдау операцияларының жоғары деңгейінің сақталуын атап өтті. Бұл ретте банктердің көпшілігі берілген заемдарды қайтаруға арналған барлық ықтимал ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалануды артық көреді. Заемшының дефолты соңғы шара болып табылады, оған банктер қабылданған шаралардың тиімсіздігінен ұшырап отыр. Жеке тұлғаларға қатысты кредиттік саясат 2008 жылғы соңғы тоқсанда банктердің көпшілігі (респонденттердің 70 пайыздан астамы), несиелік саясаты қатаң емес банктерді қоспағанда, өзгеріссіз қалдыруды жөн көрді. Әлеуетті заемшыларға қалыптасқан талаптар заемшылардың сенімсіз ағынын шектеу бойынша банктердің өзгеріссіз бағамына баса назар аударады. Қолданылған шараларға қарамастан, банктердің көпшілігі, проблемалық заемшылардың деңгейі бұрын үмітсіз болып саналған және қаржылық проблемаларды басынан өткізбеген нақты клиенттер есебінен өсетіндігін атап өтті. Банк секторын және экономиканы мемлекет тарапынан қолдау жөніндегі шараларға қатысты банктердің пікірі өзгермей қалды ? респонденттердің 50 пайызға жуығы қабылданып жатқан шараларға және болжамды шараларға оң қарайтындықтарын білдірді.