Ұлттық банк теңге бағамының күрт нығаюына жол бермейді

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теңге бағамының күрт нығаюы елдегі экспортқа өз әсерін тигізеді. Бұл туралы бүгін Алматыда Ұлттық банк басшылары өткізген баспасөз мәслихатында да айтылды.
None
None

"Біз қор нарығынан қаңтарда 1,8 миллиард доллар сатып алдық. Ал ақпанда тағы 300 миллионнан астам доллар сатып алдық. Оны сатып алмасақ теңге құны күрт қатаяды екен. Бүгінгі жағдайда 3 жылдық бюджетте теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 152 деп белгіленіп отыр. Сондықтан Ұлттық банк теңге бағамының нығаюына күш салып отырған жоқ", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Таджияқов. Оның айтуынша, Ұлттық банк макроэкономикалық құралдармен нарықтағы ақша көлемін бақылап отыр. Қысқа мерзімдік нота шығарып, банктерден депозит қабылдау деген секілді.

Бисенғали Шамғалиұлының сөзіне қарағанда, зейнетақы мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өскен кезде халық күнделікті қолданатын тауарлардың қымбаттауы Қазақстанда қазір қалыпты құбылысқа айналып барады. Алайда азық-түліктің күрт қымбаттауына еш негіз жоқ. Елімізде жеткілікті деңгейде қор жинақталған. Сондықтан бұл мәселе енді 11 ақпан күні Үкіметте барлық әкімдердің қатысуымен арнайы қаралғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар