Ұлттық банк теңгені бұрынғы айқын емес дәлізде қолдауды тоқтатады

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық банк бүгіннен бастап теңгені бұрынғы айқын емес дәлізде қолдауды тоқтатады және ұлттық валютаның айырбастау бағамының жаңа деңгейін обьективті түрде қажет деп санайды.
None
None
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«ҚР Ұлттық банкі туралы» заңы бойынша Ұлттық банктің негізгі мақсаты елдегі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Г. Марченконың айтуынша, ұлттық банк айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және 1 АҚШ доллары үшін 117-123 теңге шегінде айқын емес дәлізді сақтау бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсады. Бұл экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасады. Алайда, алтын-валюта резервтерінің ағымдағы деңгейін сақтау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін сақтау қажеттілігі Ұлттық банктің тарапынан валюталық саясатқа арналған тәсілдерді қайта қарауды талап етеді. «Ақпанның 4-інен бастап Ұлттық банк теңгені бұрынғы айқын емес дәлізде қолдауды тоқтатады және ұлттық валютаның айырбастау бағамының жаңа деңгейін обьективті түрде қажет деп санайды. Теңгенің айырбастау бағамының дәлізі ± 3 пайыз немесе 5 теңге ауытқуымен 1 АҚШ доллары үшін 150 теңге деңгейіне жуық болады деп болжануда. Сондай-ақ ұлттық валютаның айырбастау бағамындағы өзгерісте алыпсатарлықты болдырмау үшін Ұлттық банк қажеттіліктен артық қаражат қорын жинақтап отыр», деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Г.Марченко.
Соңғы жаңалықтар