Ұлттық банк төрағасы АҚШ Федеральдық резервінің басшысы Джанет Йелленмен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов Джексон Хоулда өткен (АҚШ) жыл сайынғы экономикалық симпозиумге қатысты.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономикалық шара аясында Ұлттық банк төрағасы бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, АҚШ Федеральдық резервінің басшысы Джанет Йеллен, Түркия Орталық банкі басқарушысы Эрден Басчы, Англия Банкі басқарушысының орынбасары Беном Броудбентпен кездесті.

1981 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан Джексон Хоул экономикалық симпозиумы өз алаңында орталық банк жəне қаржы ұйымдары басшылары, белді экономист-ғалымдарды жинайды.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы АҚШ еңбек нарығындағы жағдай мен оның қаржы-несие саясатындағы ықпалы туралы болды.

Соңғы жаңалықтар