Ұлттық банк төрағасы әйелдердің ығына жығылар түр көрсетер емес

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында халық қалаулысы Рауан Шаекин одан жаңа Үкіметтің келуіне байланысты осы мәселеге қатысты ойын өзгерткен не өзгертпегенін сұраған еді.
«Жеке өз басымда ештеңе өзгере қойған жоқ», - деп мәлім етті ол.
Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық банк зейнет жасына қатысты өз ұсынысын К.Мәсімов басқарып тұрған кезде-ақ Үкімет қарауына енгізген. Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар зейнетақы қорлары қосымша өзгерістер әзірлеу үстінде.
«Сіздер бұл саладағы саясатты Ұлттық банк айқындамайтындығын түсінулеріңіз керек. Барлығы үш нұсқа бар, олар Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте, Үкіметте талқыланатын болады. Содан кейін Министрлер кабинеті Парламентке сәйкесінше заңнамаларға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс енгізеді», - деді Г.Марченко.