Ұлттық Банк төрағасы Мемлекет басшысына еліміздегі қаржы саласының жай-күйі жөнінде баяндады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында еліміздің қаржы саласы мен банк жүйесінің жай-күйі талқыланды, сондай-ақ халықаралық қаржы нарығындағы ахуал қаралды.

Қ.Келімбетов 2014 жылдың ақпан айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 26 млрд. долларға дейін 6,1%-ға ұлғайғанын хабарлады.

Жалпы, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтерін қосқанда 2,1%-ға өсіп, 97,6 млрд. долларға жетті.

Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты олардың отандық экономикаға ықпалына ұдайы талдау және мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар