Ұлттық банк зейнетақы қоры үшін $120 млн сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық банк қаңтарда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржы реттеушісіне сілтеме жасап.
None

Оның жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 5,8% құрады.

Ұлттық банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы толық ақпаратты жария етуін жалғастыра береді.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады.

Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ұлттық банк зейнетақы активтерін басқарудың тиімсіздігі туралы сынға жауап берген еді.


Соңғы жаңалықтар