Ұлттық Банкі Төрағасы Г. Марченко Мемлекет басшысын еліміздің қаржы саласының, атап айтқанда валюталық рыноктағы ағымдағы жағдай туралы хабардар етті

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады Г. Марченко Мемлекет басшысын еліміздің қаржы саласының, атап айтқанда валюталық рыноктағы ағымдағы жағдай туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

- Валюталық рыноктағы жағдай өте қалпында. Ағымдағы жылдың қараша айында біз биржадан 100 млн. АҚШ долларын сатып алдық. Сондықтан бүгінгі күні Ұлттық қордың активі 43,5 млрд. долларды, Ұлттық банкінің алтынвалюта қоры - 32,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Еліміздің жиынтық активі 76 млрд. АҚШ доллары көлемін құрайды. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өндірілетін барлық алтын Ұлттық банкі арқылы сатып алынады. Төлем балансы бойынша жағдай өте жақсы. Үшінші тоқсанға арналған төлем балансының сальдосы жағымды болып табылады. Мен сондай-ақ Мемлекет басшысына банк саласындағы жағдай туралы баяндадым. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бері оң үрдіс байқалуда. Несиелеу көлемі арта бастады. Ағымдағы жылдың 10 айында несиелеу 11 пайызға артты. Бұл өте оң жағымды кезең, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар