Ұлттық банктің алтын жалатылған«Тамғалы петроглифтері» күміс шақасы Мәскеуде «жылдың үшінші шақасы» болып танылды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - «Тамғалы петроглифтері» алтын жалатылған күміс шақасы Ресейде «жылдың үшінші шақасы» атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
None
None

«Мәскеуде «Шақа жұлдыздар шоғыры-2013» ескерткіш шақалардың 7-ші халықаралық конкурсының жеңімпаздары мен дипломанттарын марапаттау салтанаты өтті. «Жыл шақасы» аталымында ҚР Ұлттық банкі ұсынған «Тамғалы петроглифтері» алтын жалатылған күміс шақасы үшінші орынға ие болды», - делінген ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, конкурстың ұйымдастыру комитеті Қазақстанның Ұлттық банкіне «Республика игілігі» шақалар сериясы үшін арнайы жүлде тапсырды. Бұл серияға 4 шақа: «Есік көсемдері», «Байқоңыр» және «Тамғалы петроглифтері» 2 күміс шақасы кіреді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 15 қарашада ҚР ұлттық валютасы - теңгенің енгізілгеніне 20 жыл толады. Бұл атаулы күнге орай ҚР Ұлттық банкі номиналдық құны 50, 500, 5000 және 10 000 теңге тұратын 4 әртүрлі шақа шығарды. 22 тамыздан бастап «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» шақасы айналымға шығарылды. Енді оларды кез келген Қазақстан азаматы сатып ала алады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк осы мерейтойға арнап номиналдық құны 100 000 теңгелік алтын шақаны шығарды. Шақа 999 сынамалы алтыннан жасалған, оның салмағы - 20 000 грамм, диаметрі - 100 мм, дайындалу сапасы «proof», таралымы - 60 дана.

Соңғы жаңалықтар