Ұлттық банктің халықаралық резервтері 32,6 миллиард долларға өсті

МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Ұлттық банкінің халықаралық резервтері жыл басынан бері 15,5 пайызға өсті.
None
None

Оны төраға Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,5 пайызға артып, 32,1 миллиард долларды құрады. Оған негізінен әлемдік нарықтағы бағаның өсуі нәтижесінде алтындағы активтердің 10,2 пайзыға өсуі себепші болды. Г. Марченконың айтуынша, Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 0,4 пайызға немесе 32,6 миллиард долларға дейін өсті. Қазанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда 3,5 пайызға өсіп, 75 миллиард долларды құрады.

4-тоқсанның алғашқы айында ақша базасы 6,3 пайызға, тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағанда 9,7 пайызға кеңейді. Ал қыркүйекте ақша массасы 3,2 пайызға ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 0,5 пайызға өсті. Банк жүйесіндегі депозиттер 3,6 пайызға артты. Ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқынының жоғары болуынан тамыздағы 86,8-ден қыркүйекте 87,2 пайызға дейін ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар