16:50, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 7,6 пайызға өсті
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпан айында ҚР Ұлттық банкінің таза халықаралық резервтері 7,6 пайызға өсті. Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ол ағымдағы бағамен 1,4 миллиард долларға ұлғайып, 19,6 миллиард долларды құрады. Жалпы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері жыл басынан бастап 1,2 пайызға өсіп отыр. Ішкі валюта нарығында валютаны сату және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының ұлғаюымен және Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін Ұлттық банктің активтеріне қайта айырбастауымен бейтараптандырылды. Соның нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 7,6 пайызға артты. Алтындағы активтер оның әлемдік нарықтағы бағасының 7,6 пайызға өсуіне байланысты 7,6 пайызға немесе 154,1 миллион долларға ұлғайды.