Ұлттық халық санағына әзірлік қызу жүруде

СЕМЕЙ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда өткелі отырған соңғы онжылдықтағы ең ауқымды іс-шара - Ұлттық халық санағының басталуға аз уақыт қалды.
None
None
Семей қалалық статистика бөлімінің мамандары санақ барысындағы аймақтың нақты статистикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстыруға әзір отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Статистика бөлімінің бастығы Валерий Караваевтың айтуынша, қазірдің өзінде санақ бөлімдерінің 35 жетекшісі бекітілді, 278 нұсқаушы-бақылаушы және 1 108 санақшы дайындалды. Осынау маңызды науқанды жүргізу үшін орын-жайлар дайындалып, ұйымдастыру техникаларымен жабдықталды. Ұлттық санаққа қатысатын қызметкерлердің арасында арнайы оқу сабақтары өткізілуде.
Соңғы жаңалықтар