Ұлттық холдингтер бәсекелестік ортаға нысандарын шығарудан 138 млрд. теңге табыс алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық холдингтер бәсекелестік ортаға (жекешелендіру) өздерінің 43 нысанын беру арқылы 138 млрд. теңге табыс алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Бүгінде 78 млрд. теңгеге біздің 235 актив сатылды, сонымен бірге республикалық бюджет 7,6 млрд. теңге қаржы алса, коммуналдық меншіктегі 107 нысанды сатудан жергілікті бюджеттерге 20 млрд. теңгеге тарта қаржы түсті. 43 нысанды бәсекелестік ортаға шығарудан ұлттық холдингтер 138 млрд. теңге алса, ұлттық компанияларға 3 млрд. теңге түсті»,-деді министр.

Осы орайда Б. Сұлтанов ірі компаниялар үшін жекешелендіру шаралары өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге инвестиция тартуға, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге, жұмыс орындарын сақтау мен көбейтуге мүмкіндік екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар