«Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры» атты жаңа монографиялық еңбек жарық көрді

ҚР мәдениет қайраткері Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры» деп аталатын монографиялықеңбегінің тұсаукесері өтеді.
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері бұған дейін де ұлттық мәселелер мен тарихи ақтаңдақтар, демократия қағидаттары туралы 20-ға жуық кітапты жарыққа шығарған болатын.
Автордың айтуынша, кітапта қазақтың ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы - ел тәуелсіздігінің тұғыры әрі алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады.Қазақстандағы ұлттық идеяның рухани-адамгершілік негіздері мәселесі әлеуметтік-философиялық білім тұрғысынан талданады. Қазақ ұлттық идеясының тарихи-рухани қалыптасуы мен оның мазмұны болмыстық, рухани, этикалық, құндылық және әлеуметтік қырынан зерттеледі. Кітап зерттеушілер мен ғалымдарға, қазақ ұлттық идеясының философиялық мәселелері қызықтыратын жалпы оқырман қауымға арналған.