Ұлттық инновациялық қор мен бірқатар шетелдік компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған алғашқы Инновациялық форум аясында Ұлттық инновациялық қор мен бірқатар шетелдік компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
None
None

Алқалы жиын барысында сөз алған қазақстандық мамандардың атап өтуінше, келесі жылдан бастап Қазақстандағы коммерцияландыруды дамыту үшін 6 жаңа коммерциализация кеңселерін ашу, технологияларды коммерцияландыруға гранттар енгізу, жобалардың санын 3 еседен астамға көбейту, сондай-ақ коммерциализацияны қолдаудың аймақтық орталықтарын ашу жоспарланған.

Конференция қорытындысы бойынша еліміздің «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ-ымен Inno-AG (Германия), Yissum (Израиль), HTSPE Ltd (Ұлыбритания), Mobile Monday (Финляндия), компаниялары және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы (Ресей Федерациясы) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Жоғарыда аталған шетелдік компаниялар технологияларды коммерцияландыру жүйесін құруда зор тәжірибеге ие. Меморандум аталған ұйымдармен тұрақты ынтымақтастық орнатуға негіз болады. Бұл олардың технологияларды коммерцияландыру саласындағы тәжірибесімен танысуға және тиімді инновациялық саясатты жүзеге асыруда әріптестік желі құруға мүмкіндік береді.

ҚазАқпарат анықтамасы: Технологияларды коммерцияландыру - бұл ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуымен байланысты қызмет. Ол экономикалық нәтиже алу мақсатында нарыққа жаңа немесе жақсартылған өнімдерді, процесстерді және қызметтерді шығарады.

Соңғы жаңалықтар