Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі іске кірісті - БҚО

ОРАЛ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Оралда Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы болып, онда кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
None
None
Биылғы 9 қыркүйекте ел кәсіпкерлігін одан әрі дамыту мақсатында «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға сәйкес Үкімет пен «Атамекен» одағы» ұлттық-экономикалық палатасының бірлескен шешімімен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғаны белгілі. 22 қазанда БҚО кәсіпкерлері палатасы (директоры Айнагүл Ақашаева) тіркеліп, өңірлік кеңес құрамы бекітілді. Оған Орал қаласы мен үш ауданнан 20 кәсіпкерлік өкілі енгізілген. Аталмыш кеңестің бірінші отырысына қатысқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз сөзінде кәсіпкерлердің өңірлік палатасы Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің мүдделерін білдіретіндігін және заңдылықтарды басшылыққа ала отырып қорғайтынын, кәсіпкерлікті дамытуға атсалысатынын айтты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, Елбасымыз кәсіпкерліктің дамуына үлкен көңіл бөліп отыр. Елімізде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы - соның дәлелі. Өңірлік кеңес мүшелері - іс жүзінде тәжірибелі, өмірлік және өндірістік бай тәжірибесі бар кәсіпкерлер. Кәсіпкерлер палатасы уақыт талабына сай құрылып отыр. Кәсіпкерлер тарапынан жергілікті атқарушы органдар атына түрлі сын пікірлердің болуына қарамастан, атқарушы органдар кәсіпкерлермен ортақ тіл табысып, жұмыс істеуге дайын. «Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға көрсетіліп жатқан қолдау шараларын кәсіпкерлерге жеткізуге жұмыстанып жүрміз. Кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кеңестердің құрылуы кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді. Елбасы түрлі қаржылық және экономикалық қиындықтарға төтеп беру үшін кәсіпкерлердің жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыруға, кәсіпкерлер санын көбейтуге тапсырма берді», деді әкім. Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағалығына «Конденсат» компаниялар тобы» консорциумы кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов сайланды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметтеріне кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету, кәсіпкерлік белсенділігінің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаларына қатысу, отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыру,техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды дайындау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау, кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру, инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру міндеттері кіреді.
Соңғы жаңалықтар