Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Астанада волейбол турнирін ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның құқық қорғау және арнайы органдарының арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі төрағасының кубогі жолындағы турнир басталды.
None
None

3-5 маусым аралығында өткелі отырған доданың ашылу салтанатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстанның волейбол федерациясының басшысы Нұртай Әбіқаев қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің шымылдығын түріп берді.

Турнирге ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ТЖМ, ҚР Ұлттық Ұланы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Бас прокуратураның, ҚР Кедендік бақылау комитеті, ҚР Қаржы полициясы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Қорғаныс министрлігі қызметкерлері қатысуда.

Сонымен қатар комитет төрағасы осы жақында ғана еліміздің волейболдан республикалық маусымы аяқталғанын жеткізді.

«Республика ішінде барлық аталымдар бойынша чемпиондар белгілі болды. Қазіргі уақытта халықаралық маусым басталғалы отыр. Біздің құрамалар Азия чемпионатында, маусым-тамыз айларында ҚР Президенті кубогі жарысында өнер көрсетеді. Тамызда Алматыда ҚР әйелдер құрамасының қатысуымен Әлемдік лига додасы өтеді. Ал қыркүйекте әйелдер құрамасы әлем біріншілігіне жол тартады», - деп атап өтті Н.Әбіқаев.

Соңғы жаңалықтар