Ұлттық қордан 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері заңмен бекітіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекіту көзделеді. Қазақстан Президентінің 2005 жылғы қыркүйектің 1-індегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективасына арналған тұжырымдамасына және бюджет заңнамасына сәйкес кепілдендірілген трансферт екі бөліктен тұрады. Атап айтқанда, «А» константы (тұрақты сома) және үш жылдық кезеңге арналған «b» коэффициентін айқындау жылының алдындағы бес жылдық кезеңдегі инвестициялық табыстың орташа деңгейіне сәйкес келетін коэффициенттің, республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтері сомасы мен Ұлттық қордың базалық валютасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген теңгенің ресми бағамының туындысы.
2010 жылы даму бюджетінің қажеттілігін және республикалық бюджеттің мұнайға жатпайтын тапшылығының қалыптасатын көлемін ескере отырып, заң жобасында 2010 жылы орта мерзімді кезеңге арналған «А» константының мөлшерін 887,8 млн. теңге сомасында, ал «b» коэффициентін 5,35 пайыз деңгейінде белгілеуді көздейді.
Палатаның шығарған қаулысына сәйкес аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетіне қорытынды әзірлеу міндеті жүктелді.