Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржыны банктерге ақпанның басында аудару жоспарланып отыр - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық»Қазына» қоры экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы аясында Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржыны екінші деңгейлі банктерге ақпанның басында аударуды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш қордың басшысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрақтандыру бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы шағын-орта бизнес субъектілеріне қолдауға 120 млрд. теңге бағыттау көзделгенін еске салған Қ. Келімбетов. «Жаңа бағдарлама аясында біз кәсіпкерлердің барынша көп ауқымын қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұның алдындағы бағдарламалдардың кемшіліктерін ескере отырып, біз бағдарламаның кәсіпкерлерге жақсы әсер етуі үшін оны әрі қарай дамытатын боламыз. Біздің шарттарымыздың барлығы бағдарламаға қатысатын банктермен арадағы бас келісімде көрініс табады. Бас келісімге келесі аптада Алматыда қол қою жоспарлануда. Екінші деңгейлі банктермен екі жақты келісімдерді бекітуді және қаржыны аударуды қаңтардың соңында және ақпанның басында іске асыру жоспарланып отыр», деді. Оның айтуынша, тұрақтандыру жоспары аясында орта және шағын бизнес субьектілерін тікелей қаржыландыру үшін «Даму Қолдау» бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 12 млрд. теңге немесе 100 млн. доллар бағытталатын болады. Бағдарлама басымдық берілген салаларды қаржыландыруды, кредиттеудің төмен ставкаларын, сондай-ақ қаржыны құралдарды кеңейтуге, жаңғыртуға бағыттауды көздейді. «Бұл бағдарлама аясында біз кластерлік бастамаларды, экспортер-өндірушілерді және мемлекеттік сатып алулар бойынша жеткізушілерді несиелейтін боламыз», деді ол.
Соңғы жаңалықтар