Ұлттық қордан жыл сайын 1200 млрд, теңге бөлінеді - Ж.Айтжанова

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2011-2012 жылдар аралығында біржылдық мемлекеттік трансферттердің көлемі 1200 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «2011-2015 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттер туралы» туралы заң жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, бұл көрсеткіштердің бәрі бүгінгі доллар бағамын ескере отырып әзірленген. Ал 2010 жылдың трансферттерін аудару кезінде жылдың аяғындағы ішкі жалпы өнім көлемінің есебінен 20 пайыздық қалдықты қалдыру қарастырылған. Болжам бойынша, 2011 жылы бұл көрстекіш 24,5 пайызға тең болмақ. «Жалпы, 2010 жылдың тамыздың 1-і күнгі есепке сәйкес Ұлттық қордағы қаржының көлемі 4500 млрд. теңгені құрады», - дейді Ж.Айтжанова.

Соңғы жаңалықтар