Ұлттық қордың активтері шетелдік валютада 42,4 миллиард АҚШ долларын құрап, 44 пайызға өсті

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның халықаралық резервтері биылғы қаңтар-қазан айларында 26,6 пайызға өсіп, 75 миллиард АҚШ долларына жетті.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері аясында Экономикаалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, ұлттық қордың активтері шетелдік валютада 42,4 миллиард АҚШ долларын құрап, 44 пайызға өсті. Мұнымен қоса, аталған кезеңде Ұлттық банктің алтын валюта активтері 12,6 пайызға артып, 32,6 миллиард долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар