Ұлттық мәдениет Елбасының осыдан 10 жыл бұрынғы Жолдауының шапағатын әлі көру үстінде - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ұлттық мәдениет Елбасының осыдан 10 жыл бұрынғы Жолдауының шапағатын әлі көру үстінде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.
None
None

«Ұлттық мәдениет туралы ой толғағанда, алдымен ауызға сол халық дүниеге әкелген мәдени мұра оралады. Елбасымыз осыдан тура 10 жыл бұрын өзінің 2003 жылғы Жолдауында Үкіметке «Мәдени мұра» бағдарламасын жасауды тапсырған болатын», - деп сөзін бастаған министр әрі қарай он жылда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Он жыл ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды. Қазақ тарихына қатысты қытай, монғол, иран, араб, түрік мұрағаттарындағы, Еуропа мен Азияның өзге де елдерінің сан алуан қорлары мен кітапханаларындағы ондаған мың құжаттардың көшірмесі алынып, ғылыми айналымға түсті. Солардың негізінде көптеген монографиялар, оқулықтар және зерттеу еңбектер жарық көрді.

Қазақстан аумағындағы 37 көне қалалар зерттеліп, 113 тарихи-мәдени ескерткіштерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қазақ халқының тарихында бірінші рет 93 томдық «Бабалар сөзі» деген атпен қазақ ауыз әдебиетінің жинағы жарық көрді.

Ғылыми, фольклорлық экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі», «Қазақтың 50 батырлар жыры» атты бірегей жобалар жүзеге асырылды.

Байқайсыз ба, ұлттық мәдениет Елбасының осыдан 10 жыл бұрынғы Жолдауының шапағатын әлі көру үстінде», - деді М. Абрарұлы.

Соңғы жаңалықтар