19:45, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Ұлттық санақтың екі күнінде Маңғыстау облысында 102053 адам санаққа алынды
АҚТАУ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында ұлттық санақтың екі күнінде 1604 санақшы 102053 адамға санақ жүргізді. Оның 50758-і ер азаматтар болса, 51295-і әйелдер. Қазақтар саны - 92248,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Санақ басталғалы бері Ақтау қаласы бойынша - 32425, Жаңаөзенде ? 22361, Бейнеу ауданында-9896, Қарақияда-5805, Маңғыстау ауданы бойынша ? 6493, Мұнайлыда-20172, Түпқарағанда ? 4901 адам санаққа алынған. Санақтың өту барысы мен қорытындылары туралы алғашқы күннен бастап облыстағы БАҚ-та жариялануда. Мәселен, санақтың бірінші күні облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы №6-шы санақ учаскесінен тікелей эфир ұйымдастырылды. Облыстық «Маңғыстау» газетінде арнайы репортаж дайындалды. Ал Мұнайлы ауданындағы санақ учаскесінің жұмысын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті. Түпқарған ауданы әкімінің кіші мәжіліс залында отандық және шетелдік мекеме, компаниялар және аудан бойынша бөлімдердегі нұсқаушы-бақылаушылар шақырылып, жиналыс өткізілді. Маңғыстау аудандық
?Жаңа Өмір? газетінде ?Ұйымшылдықпен өткізейік? атты мақала, Мұнайлы аудандық «Мұнайлы» газетінде «Санақ басталды» деген тақырыппен мақалалар жарияланды.