Ұлттық санақтың маңызы туралы үгіт-насихат жұмыстары бүкіл науқанның сапасын қамтамасыз етеді - Статистика департаменті бастығының орынбасары

ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Облыстың қалалары мен аудандарында халыққа санақтың мәні мен маңызын, науқанның бағдарламасы мен өткізілу ретін түсіндіретін барлық қажетті іс-шаралары өткізуді қарастыратын бұқаралық-ақпараттық жұмыстар өтіп жатыр.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облыстық Статистика департаменті бастығының орынбасары Рақия Рысжанова хабарлады. «Біздің міндетіміз ? халық пен әрбір үйді аралайтын санақшылардың арасында сенім орнату. Осы мақсатта бірқатар шаралар қабылдануда. Қаңтар айынан бастап Қостанай Статистика департаментінде «жедел байланыс» телефоны орнатылды. Облыстың кез-келген тұрғыны қоңырау шалып, алдағы науқанның мән-жайы туралы сауалдар қоя алады. Біз партия мен қоғамдық ұйымдардың тарапынан да көп қолдау сезіп отырмыз. Осынау маңызды бұқаралық-түсіндіру жұмыстарында бізге Ардагерлер кеңесінің облыстық және қалалық бөлімшелері, «Нұр Отанның» облыстық филиалы қолдау көрсетуде. Түсіндіру жұмыстарына бұқаралық ақпарат құралдары да тартылып отыр. Облыстық және қалалық телеарналардың эфирінде жарнамалық роликтер көрсетіліп, радиоэфирлерде санақ туралы аудиороликтер берілуде. Елді мекеннің аумағына, халықтың санына байланысты аудандық және қалалық статистика бөлімдері санақшы кадрларға деген нақты қажеттілікті есептеп шығарды. Нәтижесінде, халық санағын өткізу үшін (әр санақшыға - 290 адамнан) облыс аумағында 93 санақ бөлімі, 761 нұсқаушы және 3099 санақ учаскесі құрылды. Санақшылар контингенті еңбекпен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздардан, студенттерден, ауыл шаруашылығы санағына қатысушылардан. Үйлер мен елді мекендердің тізімдерін жасау үшін жұмысқа тартылған тіркеушілерден жасақталып отыр. Облыс бойынша санақ жұмысына 4 мыңға жуық адам тартылады. Барлық санақ бөлімдері орын-жаймен, көлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіліп отыр. Қалалық жерлерде санақшылардың науқан кезінде қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндіктері шешілді. Сондай-ақ науқан кезінде санақшылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдары жер-жерлерде жедел жұмыс топтарын құрады. Учаскелік инспекторлар санақ бөлімдерінің меңгерушілерімен тікелей байланыста болып, оларға жан-жақты көмек көрсетеді. "Жалпы алғанда, облыс халық санағын лайықты өткізуге сақадай сай", - дейді Қостанай облыстық Статистика департаменті бастығының орынбасары Рақия Рысжанова. Ұлттық халық санағы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында өтеді.
Соңғы жаңалықтар