14:31, 29 Маусым 2020 | GMT +6
Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық сараптама орталығы» АҚ коронавирусқа ақылы түрде ПТР-тест жасау қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылдың 25 маусымындағы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің №43 қаулысына сәйкес, COVID-19-ға зертханалық сараптама жүргізу бойынша ақылы қызмет уақытша тоқтатылды. Тегін тестілеу сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген Ұлттық сараптама орталығының хабарламасында.
Айта кетейік, Ұлттық орталықта коронавирусқа ақылы ПТР тестілеу жүргізу құны 11 500 теңге болатын.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алудың уақытша тоқтайтыны хабарланған еді.