16:16, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Ұлттық тестілеу үміткердің бабын сынайды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылордадағы "Болашақ" университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы семинар өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семинарда баяндама жасаған Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуін бақылау комитетінің төрағасы Найман Қалабаев өткен жылдағы жіберілген кемшіліктер мен алдағы міндеттерге тоқталды.-ҰБТ "Алтын белгі" белгісіне, жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткерлер үшін және республикалық жоғары оқу орындары мен колледждеріне оқуға түскісі келетіндер үшін міндетті, ? деді ол. ? Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны ? 25. Биыл тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды, яғни ҰБТ өткізу үшін 3,5 сағат беріледі, әр пунктте мемлекеттік комиссия құрылады.Уақыт өткен сайын ҰБТ-ге қатысушылар саны азайып келеді. Оның екі түрлі себебі болуы мүмкін. Біріншісі, түлектің жоғары оқу орнына барғысы жоқ, екіншісі, мектеп басшылары өздерінің балдарын төмендеткісі келмейді. Мәселен, 2005 жылы ҰБТ-ге мектеп бітірушілердің 83,7 пайызы қатысса, өткен жылы бұл көрсеткіш 79 пайызға түскен. Осыған орай орта балл көрсеткіші де төмендеп келеді. 2007 жылы 71 болса, өткен жылы ол 68 болған. Математика, физика пәндері бойынша көрсеткіштер төмен. Оның себебі, жоғары оқу орындарында осы мамандыққа дайындау мәселесі сын көтермейді.Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды, түсінбеген сұрақтарына жауап алды.