Ұлттық ұлан сарбаздары 12 стратегиялық нысанды күзетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Ұлттық ұлан сарбаздарының мойнына заңмен жүктелген міндеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Күн сайын 6 мыңнан аса әскери қызметші қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициямен бірге жауынгерлік қызметке шығады. Ұлттық ұланға заңмен 9 міндет жүктелген. 12 стратегиялық және 3 аса маңызды мемлекеттік нысанның күзеті тапсырылған. Қылмыстық атқару жүйесінің 42 мекемесі сенімді күзетпен қамтамасыз етілуде. Сотталғандар мен қамауға алынған тұлғаларды теміржол және автомобиль көлігі арқылы тасымалдау жүзеге асырылады. Жоғары және әскери соттардың отырыстарында қауіпсіздік қамтамасыз етіледі», - деді іскери кеңес хатшысы орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингіде.

Ол, сондай-ақ, Ұлттық ұланның жеке құрамы 19 қалада қоғамдық тәртіпті күзететінін еске салды.

«Соның арқасныда былтыр көшедегі қылмыс саны 52 пайызға төмендеді. Биыл алғашқы тоқсанда ғана әскери кзүтеттегі кезекшілер 1671 заң бұзушыны ұстады. Оның ішінде 276 адам қылмыстық сипаттағы әрекеттерге барған. 25 суық және от қару тәркіленді. Мемлекет бюджетіне 2 млн теңгенің айыппұлы өндіріп алынды. Жеке құрма елімізде қоғамдық, мәдени, спорттық шаралар кезінде де қоғамдық әртіпті күзетеді», - деді Савердин Имиров.


Соңғы жаңалықтар