Ұлттық ұланның мәртебесін айқындайтын құжат мақұлданды - Мәжіліс
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2014 жылғы 21 сәуiрдегi Жарлығына сәйкес, ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң ішкi әскерлерi iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiретiн ҚР Ұлттық ұланы болып қайта құрылған болатын.
Тұтастай алғанда, заң жобасының мақсаты Ұлттық ұланның қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Сонымен бірге, құжатта Ұлттық ұланның мәртебесін, қызметтік құқықтық негіздерін, оның міндеттері мен өкілдіктерін айқындайды. ҚР Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру және еңбек қатынастары айқындалады. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің, отбасыларының әлеуметтік кепілдіктері нақтыланады.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сеннатына жолданады.