Ұлттық валюта бағамы енді мұнай бағасы өсе бастаған кезде нығаяды

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық валюта бағамы мұнай бағасы өсе бастаған кезде нығая бастайды, деп болжанып отыр. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бас қаржыгердің сөзіне қарағанда, ұлттық валютаның айырбастау бағамының дәлізін түзетудің бірнеше себебі бар. Біріншісі, мұнайға деген бағалардың төмендеуі. Екіншісі, Қазақстанның сауда әріптестері елдерінде және экономикасы шикізат экспортына байланысты елдерде ұлттық валюталардың девальвациясы. Үшіншісі, таяу жылдары сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша жүктемесі бар екінші деңгейдегі банктер нақты мемлекеттік қолдауға ие болды және пруденциялық нормативтерді бұзбай жұмыс істей алады. Төртіншісі, Ұлттық банктің алтын валюта резервтерін сақтау.«Мұнай Қазақстанның барлық экспортының 60 пайызға жуығын құрайды және қаржы нарығындағы валюталық түсімнің негізгі қайнар көзі болып табылады. Соңғы жарты жылда мұнай құнының 3 еседен астам төмендеуі бағамдық бағаларды қайта қарауға мәжбүр етіп отыр. Дегенмен, мұнайға бағалардың өсуі басталған немесе баға деңгейлері көтерілген жағдайда ұлттық валютаның бағамын өзгерту болжанып отыр», дейді Г.Марченко. Оның айтуынша, 2008 жылдың басы мен 2009 жылдың қаңтары аралығында АҚШ долларына қатысты валюталардың девальвациясы Украинада - 53, Ресейде - 44, Ұлыбританияда - 38, Бразилияда - 31, Беларус пен Норвегияда - 28, Австралияда - 27, Канадада ? 26, Еуроаймақта 13 пайызды құраған. Бәсекеге қабілеттілігі әлсіреген басқа елдердің тәжірибесі ұлттық валютаның девальвациясын қоспағанда, тауар өндірушілерді қолдаудың басқа шараларының тиімсіздігі туралы куәландырады. Теңгенің бір сәттік девальвациясының деңгейі ағымдағы деңгейден 23 пайыздан аспайды. Бұл аймақтың басқа елдеріндегі ұлттық валюталардың девальвациясының орташа деңгейінен төмен. Бұл бір жағынан бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды. Екінші жағынан теңге бағамының одан әрі әлсіреуін шектейтін қосымша фактор болады. Мәселен, 2009 жылдың қаңтар айында валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және айырбастау бағамын ағымдағы диапазонда ұстап тұру үшін Ұлттық банк 2,7 миллиард доллар жұмсаған.
Соңғы жаңалықтар