Ұлттық валюта бағамының өзгеруі оның ұзақ мерзімдік тұрақтылығын қамтамасыз етеді - Кaspi bank-тің басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теңгенің долларға шаққандағы бағамының өзгеруі ұлттық валютаның ұзақ мерзімдік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оны Кaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бүгін ұлттық валютаның девальвациясына байланысты өз пікірін білдірген кезде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекеттің қаржы ресурстарын ұсыну, құралдарды мақсатты бөлу, салымдарды кепілдендіру, банктердің капиталына қатысудағы белсенді рөлі экономиканы тұрақтандыру мен оны одан әрі дамуытуға негіз бола алады. Бұл - жақсы жаңалық. Тұрақтандыруға қатысты шаралардың тағы бірі - теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі болып отыр. Бір реттік осы өзгеріс ұлттық валютаның алдағы уақытта ұзақ мерзімдік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оны Қазақстан экономикасын ынталандырудың ұзақ мерзімдік перспективасындағы Үкіметтің маңызды қадамы деп түсіндіруге болады», дейді Михаил Ломтадзе. Оның пайымдауынша, бұл шара қазақстандық өндірістің дамуы мен ұлттық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттігін арттырады. Ол әсіресе, Ресей мен Украинада валюта бағамы 50 пайызға дейін құлдырып жатқан қазіргі жағдайда ерекше мәнге ие.
Соңғы жаңалықтар