Ұлттық ядролық орталық ғалымдары ШҚО әкіміне аймақта атом энергетикасын дамыту туралы ұсыныстарын ұсынды

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Олардың ұсыныстары, атап айтқанда Курчатов қаласында атом электр стансысын салуға қатысты болды.
Бердібек Сапарбаев ғалымдардың идеяларын қолдады және олардың барлық ғылыми есептерін және техникалық-экономикалық негіздемелерін Үкімет қарауына беруді ұсынды.
Ұсынылған болашақ АЭС қуаты 600 мың мВт болмақ. Бұл көрсеткіш, олардың пікірінше, елдің өнеркәсіпті шығыс аймағының тұтыну қажеттігін толық жабады және Қазақстанның электр энергиясы желілері бойынша басқа аймақтарға тасымалдауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, елдің шығысында электр энергиясының жеткіліксіздігі қазірдің өзінде байқалуда. Қазірдің өзінде мұндай жетіспестік 13 пайызды құрайды. Аймақ экономикасы жедел дамуын, жаңа өндірістер ашылуын ескеретін болсақ, бұл көрсеткіш ұлғая түсері сөзсіз. Сондықтан да аймақ басшылығы электр энергиясымен қамтамасыз етудің бала көздерін іздестіруде.